Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны анықтайтын болады.
4 қараша күні күндіз ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
5 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады, түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.