Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаттықтырушы: Мақсатымыз – қазақ күресін олимпиада ойындарына кіргізу

Жансая ҚАМБАР
14 Тамыз 2025, 13:41
625
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақ күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Жеңіс Биткөзов BAQ.KZ тілшісіне биылдан бастап ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.

Әскерлердің арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты бірінші рет өтіп отыр. Оған 25 мемлекеттен 150-ден артық спортшы қатысып жатыр. Биылдан бастап спортта өзгерістер болып жатыр, жаңадан заңдар шығып жатыр. Ұлттық спортымыз олимпиадаға, паралимпиада, сурдлимпиада түрлерінің қатарына қосылды, - деді мемлекеттік жаттықтырушы.

Жаттықтырушы: Мақсатымыз – қазақ күресін олимпиада ойындарына кіргізу
Фото: BAQ.KZ/Арман Мухатов

Қазақстан былтырғы мамырда Танзаниядағы Сonseil International du Sport Militaire 79-шы Бас ассамблеясында және конгресінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен I әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Келесі жылы Мәскеуде екінші Әлем чемпионаты өтейін деп отыр. Сосын 2027 жылы Америкада әскерлердің арасында олимпиада ойындары өтуі керек екен. Соған осы жарыстан жақсы баға алып, келесі жылы да жарысты жақсы өткізіп, қазақ күресін әскерлердің арасында олимпиада түріне кіргізуді мақсат етіп отырмыз, - деді Жеңіс Биткөзов.

Айта кетейік, Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады. Қазақ күресінен I әлем чемпионаты да кеңес қолдауымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы