Ақтау, BAQ.KZ. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру Ақтау қаласында 210 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.
Үш қабаттан тұратын жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, толық заманауи жиһазбен жабдықталған.
«Студент жастар - еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталды. Жуырда Елбасының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Ел жастарын жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Айталық, жастар мәселесін шешуге арналған «Жол картасын» әзірленетін болады. Ағымдағы жағдай бойынша 21244 колледж студенттерінің 11086-сы ауылдық жердің студенттері, оның ішінде 3 жатақханада 394 студент жатақханамен қамтылған. Қазіргі таңда жатақханаға қажеттілік 1064 орынды құрайды. Сондықтан біз 2021 жылдың соңына дейін студенттерді 100% жатақханамен қамтуды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз. Осы орайда Үстіміздегі жылы тағы да 460 орындық 2 жатақхананы іске қосамыз», - деді Ашылу шарасында сөз алған облысы әкімі Ералы Тоғжанов.
Әр қабатта тұрмыстық техникасымен жабдықталған ас үйлер, санитарлық торап секциялары (дәретханалар, қолжуғыштар, кір жуу, үтіктеу бөлмелері) бар. Сонымен қатар, жатақханада демалыс бөлмелері, оқу залдары, орналасқан. Ғимаратта WI FI сымсыз желісі жүргізілген.