Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі тексерілді

13 Қараша 2023, 14:05
678
Бөлісу:
Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі тексерілді
Фото: BAQ.KZ

Соңғы жылдары жатақханаларға қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждер санының өсу үрдісі байқалады. Әсіресе бұл жағдай Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тән, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осының салдарынан өрттердің туындау қаупі бірнеше есе артты. Себебі мұндай жатақханалардың ғимараттары қауіпсіздік нормаларына сай бейімделмеген. Мәселен, тек ағымдағы жылдың басынан бастап аталмыш жерлерде 15 өрт тіркелген.

Жатақханалар мен хостелдерде, оның ішінде оларға қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждерде өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп, 13-17 қараша аралығында «ЖАТАҚХАНА» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Сонымен қатар, аталмыш жұмысқа мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен қоғам өкілдері тартылатын болады.

Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы