«Жасылдандыруға» кезеңдеп көшу керек – Сүлейменов

20 Қараша 2020, 13:10
1936
Бөлісу:
«Жасылдандыруға» кезеңдеп көшу керек – Сүлейменов
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов Нұр-Сұлтан қаласында II Республикалық «Жасыл кеңсе» байқакының жеңімпаздарын марапаттау шарасында айтты. 

Байқау екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бұл бастаманы Салтанат Темірқұлқызы бастаған еді. Біз сол кісінің жолын жалғастырып келеміз. Байқау барлық мекеме мен ұйым бірден «жасылданып» кетуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жолға кезеңдеп келу керек. Ұйымдар пластикті бөлек жинаудан немесе экологиялық әдіске қызметкерлерін үйретуден бастаса да, үлкен жұмыс болар еді, - деді Сүлейменов.
«Жасылдандыруға» кезеңдеп көшу керек – Сүлейменов

Оның айтуынша, бұл байқауға қатысу екі тарапқа да тиімді.

Себебі біз үкіметтік емес ұйым ретінде «жасылдануды» насихаттасақ, бизнес құрылымдар мен квазимемлекеттік, мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Осылайша қоғам тарапынан қолдауға ие болады, - деді ол.

Атқарушы директор атап өткендей, биылғы байқауға өткен жылдың жеңімпаздары да қатысты.

Ол ұйымдар тетіктерін жетілдіріп, жаңа технологияларды пайдалана түскен, - деді ол.
Айта кетсек, бүгін «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Өзгелердің жаңалығы