Жасыл технологияларды дамыту – ертеңгі күннің әл-ауқаты мен экологиялық тұрақтылығының кепілі

30 Қаңтар 2024, 17:57
332
Бөлісу:
Жасыл технологияларды дамыту – ертеңгі күннің әл-ауқаты мен экологиялық тұрақтылығының кепілі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы мақсаттар мен міндеттерді мониторингілеу және іске асыру жөніндегі парламенттік комиссия мүшелерінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамыту» атты баяндама жасады.

Өздеріңіз білетіндей, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы шеңберінде біздің республикамызда 2060 жылға дейін көмірді баламалы және жаңартылатын энергия көздерімен (ЖЭК) кезең-кезеңімен алмастыру көзделген.

Бұл ретте вице-министр «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі өзекті Тұжырымдаманың жобасына сәйкес электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға жететінін атап өтті (баламалы энергия көздерін ескере отырып).

Іс-шараға қатысушыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесінің жұмысы, ірі инвестициялық жобалар, сондай-ақ ЖЭК саласындағы көміртекті офсет жобаларының мәртебесі туралы ақпарат берілді.

Айта кету керек, парниктік газдар шығарындыларын реттеудің нарықтық механизмінің мақсаты кәсіпорындарды «жасыл» технологияларды қолдануға ынталандыру және өз тиімділігін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, баяндамашы индустриялық салалардың ең үздік қолжетімді техника (ЕҚТ) қағидаттарына көшуі туралы айтты.

Осылайша, өнеркәсіп салалары бойынша ТОП-50-ге кіретін 1-санаттағы объектілердің ЕҚТ қағидаттарына көшуге дайындық 40-тан 90%-ға дейін құрайды (40% - электр энергетикасы, 60% - қара металлургия, химия, 65% - мұнай өндіру, 70% - цемент, түсті металлургия, бағалы металдар, 90% - мұнай өңдеу).

Қорытындылай келе, М. Ошурбаев жаңартылатын энергия көздерін, жасыл технологияларды дамыту көміртегі бейтараптығы мен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Бүгінгі таңда осы салаға қолдау көрсету және инвестициялау – ертеңгі күннің әл-ауқаты мен экологиялық тұрақтылығының кепілі.

Өзгелердің жаңалығы