Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов «Жасыл кеңсе» экологиялық республикалық байқауының баспасөз брифингінде айтты.
Осыған дейін де «Жасыл кеңсе» байқауы осыған дейін де өтті. Ғимараттарды жасылдандыруға тікелей байланысты. Олардың қоршаған ортаға әсерін төмендету. Елімізде бұл қағида бірте-бірте енгізіліп жатыр. Орталықтандырылған стандарт жоқ. Әрбір кәсіпорын өздері анықтайды. Кейбіреуі суды, энергияны үнемдеуі мүмкін,- деді Абақанов.
Байқаудың мақсаты-қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикасын арттыру үшін экологиялық өмір салты, «жасыл» және төмен көміртекті технологиялар қағидаттарын ілгерілету, озық тәжірибенің үздік үлгілері мен технологиялық шешімдерін тарату.
Байқау ресми түрде 2022 жылдың 6 мамырынан 5 қыркүйегіне дейін сегіз номинация бойынша басталады, оған мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, коммерциялық және сауда құрылымдары, индустрия, ҮЕҰ өкілдері қатыса алады.
Жобаны іске асырудың 3 жылы ішінде конкурсқа 220 ұйым қатысты, олардың 70-і талаптарға сай және жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда олар өз филиалдарында «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізуді жалғастыруда.
2020 жылдан бастап байқауды өткізу шеңберінде Қазақстанның түрлі өңірлерінде экологиялық кеңсенің қағидаттарын енгізу бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі. Осы жылы мұндай семинарлар тренердің қатысуымен үш облыста жалғасады: Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау.