Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағында жасы 60-тан асқан бүкіл азаматтардың барлығына америкалық өндірістен шыққан Пфайзер вакцинациясы мен ревакцинация басталды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының № 15 емхана дәрігері Дінмұхаммед Қазтай мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда вакцинаның тиімділігі дәлелденген.
Біріншіден, ревакцинацияның басты мақсаты – адам ағзасындағы жаңадан иммунитет клеткаларының түзілуін қалпына келтіру. Екіншіден, ел аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу. Үшіншіден, асқыну процестерін алдын алу болып табылады, -деді Д. Қазтай.