Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр.
Мемлекет басышысының жастарға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру бойынша тапсырмасын орындау барысы Алматы қаласынан басқа өңірлерде өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Осыған орай, Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалмау қаупі бар, - деді Еңбек министрі.