«Жастар» ҒЗО мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.
Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ҒЗО арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді.
«Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».
Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылмақ.
Несие беру шарттары: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.