Жастарды қолдауға арналған "Жол картасына" 300 млрд теңге бөлінді – Сапарбаев

15 Қараша 2019, 11:19
4231
Бөлісу:
Жастарды қолдауға арналған "Жол картасына" 300 млрд теңге бөлінді – Сапарбаев
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет Жастар жылына қатысты Елбасының тапсырмасына сәйкес "Жол картасын" дайындады, соны жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен 300 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Егер оны еліміздің ішкі өнімімен салыстыратын болсақ – 0,5%. 

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыда өтіп жатқан Жастар форумында айтты. 

IMG_20191115_094633.jpg

Сөз аасында ол үкімет жастрға білім алуға ғана емес, олардың өз кәсібін ашуына да көмекесіп жатқанын айтты. 

Қазір мемлекетте "Жас кәсіпкер", "Жас маман", "Бастау бизнес" деген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Сондағы біздің мақсатымыз – жастардың кәсібін ашуға көмектесу. Жастар жаңа мамандықтарды игеріп, ел экономикасының дамуына үлес қосса дейміз, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол әр мемлекеттің дамуы бірден-бір оның білімді, дарынды, мәдениетті және тәрбиелі жастарына байланысты екенін айта келе, Тәуелсіздік алғаннан бері 28 жыл ішінде біздің мемлекет Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жастарға көптеген жағдай, қолдау жасалып келе жатқанын айтты.

Оның ішінде Болашақ бағдарламасын ерекше айтып өтуге болады. Әр өңірде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылып жатыр. Оның барлығы Қазақстан жастары өздерінің құрдастарынан қалмасын, қазіргі халықаралық стандартқа сай білім алсын деген тұрғыда жасалып жатыр. Елбасының бастамасымен биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланғанын білесіздер, бүгінгі форумның тақырыбы "Мен жастарға сенемін" деп қойылуы да бекер емес, Елбасы сіздерге сенім артып отыр. Сіздердің араласуларыңызбен, ойларыңыздағы біліммен ертең Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің қатарына енеді. Сол кезде еліміздің дамуына үлес қосқандарыңыз үшін қуанатын боласыздар, - деді ол.

Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ форум аясында өткен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 

IMG_20191115_095315.jpg

IMG_20191115_095323.jpg

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы