Астана, BAQ.KZ. Бүгін ресми түрде ашылу салатанты өткен Жастар дылына қатысты Түркістан облысы, Төлеби ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансеитов өз ойын білдірді.
"Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға аян. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші" - дейді ол.
Ол бүгінгі жастардан көп жетістіктер күтетінін айтты.
"Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Олар - креативті пікірге ие. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауымыз тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»,-деген елбасымыздың сөзін жалау етіп, болашағымыздың жарқын болуына «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қолдайық!" - дейді Қуаныш Қансеитов.