Жастар "Жыр майданына" аттанып жатыр

14 Тамыз 2020, 10:24
2038
Бөлісу:
Жастар "Жыр майданына" аттанып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толу құрметіне орай елімізде ақын есімін иеленген телеарна ашылды. Түрлі шоу бағытындағы арзан әзіл мен күлкіге құрылған бағдарламалардан әбден мезі болған жұрт бұған шын қуанғаны анық.

Әсіресе, телеарнадағы таза шығармашылыққа, өлеңге, жастар арасында әдебиетті насихаттауға бағытталған Jyr maidany деген хабар сәтті шыққан. Мұнда ақындар ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, инженерлер, технологтар мен тәртіп сақшылары да жарыса өлең оқиды.

Жастар арасында поэзия оқуды сәнге айналдыруды мақсат еттік. Жастар үлкендерге емес, бір-біріне еліктейді. Бірінің бойындағы мінез бен әдетті, өнер мен сөзді өзгелері де іліп алып кетеді. Осы заманның сөзімен айтқанда, трендке айналдырады. Маусым айынан басталған жыр оқу жарысына мыңға жуық өтінім түсіп, соның ішінен 16-27 жас аралығындағы 300 үміткерді таңдап алдық. Бұл – жастардың өз жиыны. Байқауда әділ қазы жоқ. Бірін-бірі бағалап, өзін-өзі сынап үйренсін дедік. Жастар арасында жыр оқудың сәнге айналуы – ертеңгі зиялы, интеллигенциялық орта қалыптасуының алғышарты ғой. Қыз-жігіттердің бос сөз, бос жүріске үйір болмай, өлең оқығаны жақсы емес пе?! Сондықтан біз корпорация басшылығының ұсынысымен осы жобаны қолға алдық. Жоба жыл бойы өтеді. Соңында поэзиялық гала-кеш болады, – дейді жоба авторы әрі продюсері Мұхтар Түменбай.


 

Өзгелердің жаңалығы