Астана, BAQ.KZ. Бүгін ресми түрде басталған Жстар жылына қатысты "Нұр Отан" партиясы Түркістан областық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева өз ойын ортаға салды.
"Елін сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы - болашақты жасаушы .жастарды бір сілкіндірді. Жастар жылына әрбір жастың атсалысуы, қоғам болып жұмылуы Жастар жылының бастау алардағы басты мақсаты. Бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыратын заман талабына жауап бере алатын әр саладағы жастар - олар ел үздіктері - озық технологияларды өз қолымен жасаушылар, Қазақстан интеллигенциясының құрамын көбейтушілер, сегіз қырлы бір сырлы, Елбасы көрсеткен жолмен елді әлемге танытушылар, талғамы биік, талабы мен арманы асқақ азаматтар, ақылына көркі сай асылдар" - дейді ол.
Сонымен қатар ол жастар жылы қарсаңында жастарға қолдау білдіруге аға буынның әркез дайын екенін жеткізді.
"Бүгін Жастар жылының салтанатты ашылуы өтті. Мінберден сөз сөйлеген әрбір жас өз саласының майталманы. Елбасы өз сөзінде" Сөзді тоқтатпай айта берсін деген ой келеді"-деп жастардың сөйлеген сөзіне ыстық ілтипатын білдіріп, жастар потенциалын білім саласы болсын, жеңіл өнеркәсіпте болсын, ғылымда болсын, жастардың өздері қалаған саласында жүзеге асыру үшін жастардың жалдамалы тұрғын үй мәселесін шешу қажеттігін айтты. Елбасының әрбір сөзі жастардың ғана емес, балапанынан үміт күткен әрбір ата-ананың, жалпы көпшіліктің көңілінен шықты. Бүгін мінберден сөйлеген бүркітші қыздың жүрекжарды сөзі әрбір жастың өз арманын оятып қана қоймай, әр жастың бала бүркіт арманы ұшуға өрге талпынып, қанатын қомдап-қомдап жіберді. Жастар алға, біз аға буын сіздерге отаншылдықпен тәлімгер болуға дайынбыз" - дейді Қалыйма Жантөреева.