Жастар жылы. Өзіміз әрекет ететін сәт келді

23 Қаңтар 2019, 18:49
6216
Бөлісу:
Жастар жылы. Өзіміз әрекет ететін сәт келді

Астана, BAQ.KZ. Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай Жас Отан ЖҚ мүшесі Айгерім Серікжанова өз ойын ортаға салды.

"Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен жастар мәселесі Елбасының назарынан тыс қалған емес. Оның айқын дәлелі бүгінгі ашылу салтанаты өткен «Жастар жылы». Бүгін Елбасы бізге «Қазақстанның болашағын қалауға» мүмкіндік беріп, үлкен сенім артып отыр. Сапалы білім алған, өзінің азаматтық ұстанымын білдіре алатын бәсекеге қабілетті жас – мемлекет дамуының қозғаушысы. Жоғары білімі бар жастар саны соңғы он жылдықта төрт есе артыпты. Бұл бүгінгі таңда барлық дерлік Қазақстандық жастың білім алуына, жетілуіне жағдай жасалғанының айқын дәлелі" - дейді ол. 

Сонымен қатар, Айгерім Жастар жылы жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін айтады.

"Қол қусырып отыратын уақыт жоқ, біз жастар жылынан не аламыз, не күтеміз деген сұраққа жауап іздемей, өзіміз әрекет ететін сәт келді. Жастар жылы бір жағынан жастардың әлеуметтік, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы мәселелер өз шешімін табатын жыл болса, екінші жағынан Жастардың қоғамға, елімізге пайдалы жұмыс атқарып, мемлекет дауына өз үлесін қосуға мүмкіндік деп білемін. Жастар жылы құтты болсын!" - дейді Айгерім Серікжанова.

Өзгелердің жаңалығы