Жастар жылы. Полицейлер оқушылармен кездесті

1 Ақпан 2019, 20:11
3488
Бөлісу:
Жастар жылы. Полицейлер оқушылармен кездесті

Ақтөбе, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департамінде Елбасының жариялаған «Жастар жылы» аясында жастардың қызметке қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық есік күндері ұйымдастырылды.Мектеп оқушылары жедел басқару орталығының жұмысымен де танысты.

Полиция департаменті мұражайының меңгерушісі Айша Өтеулина Ақтөбе облыстық физика-матемика мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына өңірдегі полиция қызметінің қалыптасу тарихы, олардың жетістіктері мен бейбіт күнде ел тыныштығын қорғау жолында жанын пида еткен батыр да ержүрек тәртіп сақшылары туралы толық ақпарат берді.

«Маған бейнекамералар мен мұражай маған өте ұнады.Әсіресе көрмеде қылмыскерлерден алынған қарулар , полицейлердің киімдері ,Халық қаһарманы Байтасов туралы айтылғандар ұнады. Мен өскенде тәртіп сақшсы болғым келеді.Әкем тәртіп сақшысы болып еңбек етеді», - дейді 7-сынып оқушысы Диана Джумакулова.

Танымдық экскурсияға мектеп оқушылары мен әлеуметтік педагогтар да ат салысты.

«Біз бүкіл сынып оқушыларымен бірге полиция департаментіне келдәік. Жедел бақару орталығы мен мұражайды көрдік. Поицейлердің жұмысымен таныстық. Маған бейнекамералармен бақылап отырған өте ұнады. Мұражайда қойылған ескі телефондар, қарулар, медальдар бәрі қызықты. Полицейлер-бізді қорғаушы » деді 7 а сынып оқушысы Айдана Әбдірова.

Музей қорында 3 мыңға тарта жәдігерлер сақталған.

«Бұл шаралардың жастардың бойында мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын, елге, отанға деген патриоттық сезімдерін қаыптастыруда үлкен тәрбиелік мәні бар», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы