Жастар жылы Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізілді

9 Қаңтар 2020, 07:19
1615
Бөлісу:
Жастар жылы Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы шеңберінде Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен өткен алқа мәілісінде облыс аудандарының және Степногорск, Көкшетау қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Басқарма басшысы өз баяндамасында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы, ондағы жарияланған материалдардың шығуы, электронды БАҚ-тардағы мақалалардың сапасы мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жайында айтып берді.

Сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы, тіл, дін, жастар, ақпараттық саясат саласында атқарылатын биылғы жылдың міндеттері белгіленді.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асырудың нақтылы нәтижелерін ақпараттық сүйемелдеу қажет, - деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Сонымен, Жастар жылы облыста барлығы 2 мыңнан астам шара өткізілді. Ал биылғы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әль Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтіледі. Сонымен қатар Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық 17-ші форумы өткізіледі.


Өзгелердің жаңалығы