Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы бастау алды

30 Қыркүйек 2021, 16:20
1491
Бөлісу:
Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жастар саясаты саласындағы республикалық және өңірлік басқару кадрларын кәсіби қолдау мақсатында «Кәсіби даму академиясы» жобасы бастау алды.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров жас кадрларды қолдау үшін кәсіби алаңдардың маңыздылығын атап өтті.

Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы бастау алды

Адами капиталды дамытуға инвестициялар - бұл ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралдарының бірі, - деді А.Умаров.

Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының 10 күні ішінде коуч-сессиялар, оқытушы сағаттары және тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Олардың барлығы жастармен жұмыс істеуде кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы