Жастар кадрлық резервіне құжат қабылдау 1 қыркүйекте басталады

31 Тамыз 2021, 18:34
2193
Бөлісу:
Жастар кадрлық резервіне құжат қабылдау 1 қыркүйекте басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев өңірлік ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктеледі, - деді Тұрсынбаев. 
Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде (В1) білетін азаматтар қатыса алады.
Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадрлық резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді, - деді ол. 
Көп кезең онлайн жүзеге асырылады. Құжат қабылдау 1 қыркүйекте басталады.

Өзгелердің жаңалығы