Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу күшейтіледі

23 Қыркүйек 2024, 18:43
333
Бөлісу:
Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу күшейтіледі
Фото: polisia.kz

Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткінің зияны және олардың салдары туралы білу есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қыркүйек айынан бастап оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарда 850 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс 35 мың адамды қамтыды. Жастар бұл бағыттағы іс-шараларда белсенділік танытып келеді. 

Оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын қолдайды. 

Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Оқу жылының басталуы – болашақ туралы ойлануға және жаман мен жақсыны саралауға мүмкіндік беретін сәт. Бірлесіп қана біз есірткісіз сау қоғам құра аламыз, – деді ведомствода.

Өзгелердің жаңалығы