Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы 18% төмендеді

27 Наурыз 2019, 12:51
2277
Бөлісу:
Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы 18% төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар арасындағы әлімжеттік пен бопсалау және ұялы телефон ұрлықтарының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда профилактикалық бағыттағы іс-шаралар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жұмыстары Жамбыл облыстық Полиция департаментімен одан ары жандандырылып, басшылықтың қатаң бақылауына алынған.

Соның бір дәлелі өткен жылы облысымызда жасөспірімдер қылмысы 18,1%-ға төмендесе, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 192-ден 152 дерекке азайған.

Оның төмендеуіне бірден бір себеп, Полиция департаменті тарапынан ұдайы жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар және білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып жүрген жиналыстар мен тәрбиелік мәні бар лекциялардың үлесі.

Облыс орталығы мен барлық аудандарда оқу орындары мен орта мектептерде өткізіліп жатқан іс-шаралар Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде, Тараз қаласының №6, 22 және М.Мақатаев атындағы №14 орта мектептерінде өз жалғасын тапты.

Тараз қаласы Полиция басқармасының 2-полиция бөлімінің бастығы Д.Мұсаев, орынбасары М.Құдайбергенов және Ювенальдық полиция тобының аға инспекторы Е.Юринаның қатысуымен аталмыш мектептерде «Жастар арасындағы әлімжеттік пен бопсалау және ұялы телефон ұрлықтарының алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, оқушылар мен олардың ата-аналарына қылмыс пен құқық бұзушылықтың соңы неге әкеп соғатыны мен қандай жаза күтілетіні, қылмыстық және әкімшілік кодекстің жасөспірімдерге қатысты бөлімдері түсіндіріліп, мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы