Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

4 Ақпан 2020, 03:45
1849
Бөлісу:
Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде жастарға кеңес беру орталығы ашылды. Бұл жайында ҚазАқпарат сайтында жарияланды.


Орталықтың ашылуына  Jas Otan жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы негіз болған. Орталықтың ашылуындағы басты мақсат – жастардың өзекті мәселелерін шешуге көмектесу, ақпараттық қолдау, тұрғын үй, жұмыспен қамту сынды мәселелер бойынша тегін кеңес беру.

Бұл орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, жұмыспен қамту бөлімі, полиция, сыбайлас жерқорлыққа қарсы қызмет, жастар орталығы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау саласының өкілдері шоғырланған. Сондай-ақ заңгерлер мен психологтар да бар. Олар әр аптаның сейсенбі, жұма күндері аралығында тұрғындарды қабылдап, кез келген сұрақтарға жауап беруге әзір, - дейді Jas Otan жастар қанатының ШҚОФ төрағасы Маржан Бақыт.

Жастарға кеңес беру орталығы Дос-Нар сауда орталығының екінші қабатында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы