Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қылмыстық материалдарға сәйкес, жасөспірімдер интернетте танысып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хат алмасудан кейін жыныстық қылмыстың құрбаны болады, - деді ол.
Жұманалин жасөспірімдер күмәнді адамдармен танысқанда ата-аналарына телефонын бермейтінін, кірген сілтемелерін тексеруге тыйым салатынын айтты.
Жасөспірімдердің интернетте күмәнді адамдармен танысады, пәтерлерді жалға алады және әртүрлі оқиғаларды атап өтеді. Көп жағдайда ата-аналардың бақылауынсыз, алкогольдік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын пайдаланады және соның салдарынан қылмыстың құрбаны болады, - деді маман.
Басқарма бастығының орынбасары кәмелетке толмағандарға жасалған жыныстық қылмыстардың жалпы санының шамамен 30%-ы ерікті түрде жыныстық қатынасқа түсу салдарынан жасалғанын жеткізді.
Біз Интернет желісінде балаларға қатысты қылмыстардың алғышарттары болуы мүмкін құқыққа қарсы ресурстарды анықтау бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Өткен жылдың өзінде заңсыз мазмұны бар 20 мыңнан астам интернет-ресурстар анықталды, оның ішінде 3,5 мыңы порнография таратқан, - деді Жұманалин.