Астана, BAQ.KZ. 26 қаңтарда Шалқар аудандық ауруханасына кеуде тұсына жарақат алған 2003 жылы туған жасөспірім жеткізілді. Алған пышақ жарақатынан ол келесі күні көз жұмды.
Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2002 жылы туылған Шалқар қаласынын тұрғыны үсталды.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына сәйкес сот алды тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды.
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 25 мен 27 қаңтар аралығында облыс аумағында рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Аталған жоспарлы жұмыстар барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Рейдтік жұмыстар нәтижесінде 178 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ІІБ-ге 97 кәмелетке толмаған, оның ішінде 84 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00 дейінгі аралықта жеткізілді.
7 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Өңірлерде тіркелген жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі Үкімет жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын шұғыл шақыруға бастамашылық жасады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.