Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет – Мемлекет басшысы

12 Қазан 2023, 10:49
694
Бөлісу:
Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдады. Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Ол әзірленетін құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың ел нарығына келуін ынталандыруы қажет екенін айтады.

Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ «ойын ережелерін» қалыптастырған жөн. Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс. Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Президент жасанды интеллект жайында стратегиялық құжат қабылданатынын айтты. Жасанды интеллект адамның тұрмыс салтын басқа арнаға бұратыны туралы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы