Тоқаев жасанды интеллект жайында стратегиялық құжат қабылданатынын айтты

12 Қазан 2023, 10:44
788
Бөлісу:
Тоқаев жасанды интеллект жайында стратегиялық құжат қабылданатынын айтты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Digital Bridge форумына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керек. Бұл – халықаралық озық тәжірибе. Мұндай қадам елімізді технологиялық тұрғыда дамытудың орнықты бағытын айқындауға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың атап өтуінше, ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын экономикамыздың мұнай-газ секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді маңызды салаларына енгізуге мән беру керек.

Жасанды интеллект қалаларымызды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға (smart city) айналдыру процесін айтарлықтай дәрежеде оңтайландыра алады, – Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Тоқаевтың мәлімдеуінше, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың да маңызы зор.

Бұл орайда біз елеулі нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай өнімді «Бәйтерек» холдингі базасында бизнес үшін де енгізу керек екенін атап өтті.

Менің тапсырмам бойынша бұл бағытта ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстары басталып кетті, – деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы