Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллект қай мамандықтарға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін және қай мамандық өзгеріссіз қала беретінін айтты, деп хабарлайд BAQ.KZ тілшісі.
Барлық операциялық мамандықтар – Call-орталық операторлары, курьерлер (пошта қызметкерлері – авт.), сондай-ақ мазмұндық деңгейде емес, тек келісімшарттар мен мәтіндерді талдау деңгейінде жұмыс істейтін заңгерлік қызметтер жасанды интеллектінің ықпалына ұшырауы мүмкін. Бұл процестердің қазірдің өзінде жүріп жатқанын байқап отырмыз, - деді Смышляева.
Депутат мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты да ойын айтты.
Ал әлеуметтік салаларға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Мұғалімдер мен дәрігерлер кез келген жағдайда трендте қала береді. Сонымен қатар, бухгалтерлердің жұмысы да ішінара автоматтандырылғанымен, толықтай алмастыру екіталай, - деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, депутат Қазақстанда дипфейктерді пайдаланғаны үшін қандай жаза қарастырылғанын және кейбір мамандықтар жоғалғанымен, орнын жаңа кәсіптер басатынын айтқан болатын.