Жас зілтемірші Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды

14 Маусым 2022, 18:07
1533
Бөлісу:
Жас зілтемірші Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды
Фото: Zakon.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас зілтемірші Ерасыл Сәулебеков осы күндері Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Бұл салмақта әлем чемпионы атағын тоғыз спортшы сарапқа салды. Бірінші жаттығуда жұлқа көтеруде Ерасыл Сәулебеков бір шешуші әрекетімен (123 келі) күшімен, жеңіске деген жігерімен қарсыластарын тәнті етті. Серпе көтеруде де қазақстандық зілтемірші 158 келіні көтеріп, бірінші орын алды.

Нәтижесінде, Ерасыл Сәулебеков 281 келі салмақпен жастар арасында әлем чемпионы атанса, Алааддин Саин (Түркия) күміс жүлдеге (278 келі), Поле Бартош Бурски (269 келі) қола медальға қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы