Жас жігіт көпбалалы отбасылардың үйіне тегін газ орнатып берді

11 Ақпан 2019, 19:13
3344
Бөлісу:
Жас жігіт көпбалалы отбасылардың үйіне тегін газ орнатып берді

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы күндері елімізде орын алып жатқан қайғылы жағдайлар мен әлеуметтік проблемалар Ақтөбелік жасотандық - Сарбасов Наурызбектің осындай игі іске баруына себепші болды.

Жас жігіт көпбалалы отбасылардың үйіне тегін газ орнатып берді

Көмек алған азаматшалардың бірі Ембі қаласының тұрғыны, 6 баланың анасы Динара Балғазинанның айтуынша үй ата-анасынан қалған. Алайда көгілдір отын кіргізілмеген. Үй жылытар ескі пештің жағдайы көңіл көншітпейді. Сол себепті аталмыш үйге жаз айларында ғана тұрып, күн суығанда пәтер жалдап тұрады:

«Жастар қолдап көгілдір отын орнатып жатыр, енді үйді жөндеп тұрақты түрде тұруға мүмкіндік алып отырмын» - дейді ол.

Жас жігіт көпбалалы отбасылардың үйіне тегін газ орнатып берді

Осыған дейін жастар көпбалалы отбасылар мен ардагерлерге қар күреп, отын жарып көмектессе, бұл жолы Ақтөбе облысындағы көпбалалы үш отбасының үйіне тегін газ орнатты.

«Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп атап, бізге үлкен сенім артылып отыр. Білім алам десең де, бизнес ашам десең де толықтай қолдау бар. Ал жастардан осы мүмкіндіктің қандай қайтарымы болады деген сұрақ бар?! Жас келсе іске демекші, бізде осы жылда қоғамға өзіміздің кішігірім көмегімізді тигіземіз деп шештік» - дейді Наурызбек Сарбасов.

Әсел Абат

Өзгелердің жаңалығы