Жасөспірімді мас қылып тастаған Ақтөбе тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21 Тамыз 2019, 07:53
1926
Бөлісу:
Жасөспірімді мас қылып тастаған Ақтөбе тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірімді мас қылып тастаған Ақтөбе тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Қала тұрғынының ақылға сыймайтын әрекеті кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адам жас балаға өзімен бірге ішімдік ішуді ұсынған. Нәтижесінде 13 жастағы бала мас болып қалған.

Ер адам сотта ҚР ӘҚБтК-нің 131- бабымен құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

«Іс материалдарына сәйкес 2019 жылдың 1 шілдесінде Я. есімді азамат 2006 жылғы жасөспірімге ішімдік ұсынған. Медициналық қорытындыға сәйкес кәмелетке толмаған баланы жеңіл дәрежедегі мас күйге жеткізген. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір тәулікке қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы