Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың отырысы аясында секциялар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Секцияға қатысқан заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қоғамдағы өзекті мәселені көтерді.
Үнемі азаматтардың құқығы мәселесін көтеріп келемін. Әсіресе, қазір өзекті болып тұрғаны - қазақ қыздары мәселесі. Үлкен әйелдер, тәтелер 13-15 жастағы жас қыздардың сеніміне кіріп, оларды мектеп жасынан адам саудасына жегіп жатыр. Бұл мәселемен күресуіміз керек. Ол қоғамда өте белең алып бара жатыр. 13-15 жастағы қыздар оны ашық айтуға қорқады. Өздеріңіз білетіндей, қазір көптеген зиянды препараттар бар. Оларды қыздардың ішкен суларына, шайларына қосады. Сөйтіп есін білмеген қыздар зорлық-зомбылыққа ұшырап жатыр. Бірақ онымен біз күресе алмай жатырмыз, - дейді заңгер.
Оның себебі тергеу амалдары дұрыс жүргізілмей жатыр. Сол себепті қыздарымыз бұл мәселені жабулы күйінде қалдырып отыр.