Жамбыл облысының прокуратурасында жас қызметкерлерге арналған II форум өтті, іс-шараға прокуратура қызметінің ардагерлері, тәлімгерлер және ата-аналар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жас құрамның құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру, сондай-ақ прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы рөлін түсіндіру.
Форум негізгі және теориялық бөлімдерден тұрды.
Жаңа қызметкерлер ант қабылдап, 3-сыныпты заңгер сыныптық шенін беру туралы құттықтау хаттарын және қызметтік куәліктерін алды.
Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері бақылау қызметінің негізгі бағыттарын түсіндірді.
Қатысушылар тергеу изоляторының, түзету мекемесінің жұмысымен танысып, БАҚ өкілдерінен мастер-класс, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша психологиялық тренингтен өтті.
Сонымен қатар, жас прокурорларға белгіленген тәртіп нормаларын сақтау қажеттілігі, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктері туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Жас прокурорлар жеке тұлға мен қоғамның мүдделерін қорғауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтармен белсенді күресуге міндеттенді.
Форум қорытындысымен белсенді қызметкерлер прокурордың атынан дипломдармен марапатталды.
Прокуратура білікті жас қызметкерлерді тәрбиелеу және даярлау жұмыстарын жалғастырады, оның ішінде заң факультетінің студенттері арасында "Болашақ прокурор" интеллектуалдық конкурсын өткізу және жергілікті жоғары оқу орнының кітапханасында "Болашақ прокурордың бұрышын" ашу жоспарлануда.