Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты елордалық филиалының өкілдері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының еңбек ардагерлерін, қарттарды, мүгедек жандарды, зейнеткерлерді «Есіл» өзенінде серуендетеді.
Іс-шара қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға, ұрпақтар сабақтастығымен диалог алаңын құрып, қоғамда ынтымақ, патриотизм орнатып, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейтуге, аға ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
«Зейнеткерлер Есіл өзенімен жүзіп өтіп, Нұр-Сұлтан қаласының сұлулығын тамашалайды. Кеме үстінде зейнеткерлерге шағын коцерттік бағдарлама ұсынылады»,-делінген хабарламада.
«Зейнеткерлер Есіл өзенімен жүзіп өтіп, Нұр-Сұлтан қаласының сұлулығын тамашалайды. Кеме үстінде зейнеткерлерге шағын коцерттік бағдарлама ұсынылады»,-делінген хабарламада.