Жас маман АЭС жөнінде: Басқа мемлекеттерден неге кенже қалуымыз керек

Бүгiн, 11:01
127
Бөлісу:
Жас маман АЭС жөнінде: Басқа мемлекеттерден неге кенже қалуымыз керек
Фото: архив

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов мәслихат депутаттарының форумында еліміз үшін атом энергетика саласының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Махамбетовтың сөзінше, әлемде атом энергетика саласы мұқият қадағаланып, жүйелі бақылауда болатындықтан, оның қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ.

Қазірдің өзінде әлемнің дамыған Финляндия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Қытай, Үндістан, Франция сияқты 7 ғана елдің өзінде 203 реактор орналасқан. Ал бір ғана АҚШ-тың өзінде 94 реактор қызмет жасап, 97 мың мегаватт электр қуатын беруде. Басқа мемлекеттер осы саланы дамытып жатқанда біз неге кенже қалуымыз керек?! Одан басқа іргелес Өзбекстанда АЭС небәрі 60-70 шақырым жердегі Жизақ өңірінде салынбақшы. Жан-жағымыздың барлығы АЭС, біз неге салмауымыз керек?, - деді Махамбетов.

Жас маман жыл өткен сайын елімізде электр энергиясының тапшылығы айқын сезіліп жатқанын айтады.

Мұны шешудің бір ғана жолы – жоғары технологиялық Атом энергетикасын дамыту. Ол үшін бізде АЭС-ке қажетті уранның қоры жеткілікті. Оған қоса, 2021 жылдан бастап дайын ядролық отын өндіретін зауытты іске қостық. Бұл шикізат емес, атом реакторларына тікелей орналасатын дайын отын. Сондықтан күні ертең өтетін жалпыұлттық референдумда біз дұрыс таңдау жасауымыз керек. Референдумның нәтижесі еліміздің ғылымына, энергетика мен экономикасының дамуына тікелей әсер етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы