Жас кезімде журналист болғым келді – Тоқаев

10 Маусым 2019, 18:51
4085
Бөлісу:
Жас кезімде журналист болғым келді – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы бала күнінде журналист болғысы келгенін айтты.

«Сіздің бірнеше кітаптың авторы ретінде танимыз. Тағы кітап жазу жоспарыңызда бар ма? Егер бар болса, онда қандай тақырыпта жазасыз?» - деп сұрады «Казахстанская правда» газетінің тілшісі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ақордадағы брифинг барысында.

«Иә, мен көп кітап жаздым. Олар тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де танымал болды. Негізі мен  жазғанды, қолыма қалам ұстағанды жақсы көремін. Айтпақшы, мен бала күнімде журналист болуды армандадым. Бірақ олай болмады. Дипломат болдым. Ал, жоспарға келетін болсам, қазір менің шығармашылық жанрда жазатын уақытым жоқ. Бірақ зейнетке шыққанда мен кітап  жазамын. Оның аты «Бұл қалай болды?» немесе  «Өткен мен келешек арасында» деп аталатын болады», - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау барысында кандидаттардың барлығына анық мүмкіндіктер жасалғанын айтқан болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің қашан өтетінін айтты. Сондай-ақ, Президент Үкімет отставкаға кетпейтінін, бірақ кадрлық тағайындау болатынын ескертті. Ол билік транзиты жайлы және жас кезінде журналист болғысы келгенін де жасырмады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы қазіргі журналистердің мәртебесіне қатысты пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы