Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас мамандар түгел дерлік баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы «Жанұя» отбасылық дәрігерлік орталығының директоры Гүлмира Бикетова хабарлады.
Аталмыш орталықтың филиалдары тек елорда ішінде ғана емес, сондай - ақ қаланың шалғай аудандарында да тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр. Атап айтқанда, Бараев, Өндіріс, Қосшы,Қоянды елдімекендері. Қала сыртындағы аудандардағы қызметкерлер орталық тарапынан екі бөлмелі үйлермен қаматамасыз етілген.
Қазіргі таңда емханаға тіркелген азаматтар саны 41 200-ге жеткен. Орталықтың барлық бөлімшелерінде тұрғындарға алғашқы медициналық -санитариялық көмектер ұсынып келеді.
Мекемеде 43 дәрігер жқмыс істейді. Олар: жалпы тәжірибелік дәрігерлер, хирург, ортопед, невропотолог, кардиолог, фтизиатр, эндокринолог, акушер–гинеколог, балалар массажисті, химизатор және екпе медбикелері. Ал күндізгі стационар да қарастырылған. Сонымен бірге, лабораториялық диагностика, иммунопрофилактикалық қызметтері жұмыс істейді. Биыл мекеме екі «Ана мен бала» бөлмесін ашып, жедел жәрдем көлігін алды. Ал келер жылы рентген құралы үшін бөлме ашу жоспарланған. «Жанұя» отбасылық дәрігерлік амбулаториялары түрғындарға қызмет көрсету мақсатында 100% медициналық құрал-жабдықпен жарақтандырылған.