Жарықсыз қалған Астана. Технологиялық бұзушылықты тексеретін комиссия құрылды

30 Қазан 2023, 16:02
884
Бөлісу:
Жарықсыз қалған Астана. Технологиялық бұзушылықты тексеретін комиссия құрылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

(Астанада коммуналдық қызмет желісінде – ред.) осындай жағдай болды. Ашық тарату құрылғысында авариялық ажырату фактісі болды. Бірақ 1,5 сағаттың ішінде барлық шара қабылданды. Бүгін технологиялық бұзушылық бойынша комитет ережеге сәйкес тиісті бұйрық бойынша комиссия тағайындады. Оған тиісті құзыретті органдар кірді, - деп айтты комитет төрағасы.

Оның сөзінше, комиссия заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде болған технологиялық бұзушылықтың тексерісі қорытындысын жасап, ақпарат береді.

Қаланың жартысы электрсіз қалғанын түсінеміз. Бүгінгі жағдайда 1-1,5 сағат – бұл айтарлықтай ұзақ уақыт. Астанада 500 мыңнан аса абонент бар. Оның шамамен 100 мыңы электрсіз қалды. Бұл қаланың 20%-ы, - деді Есімханов.

Комитет басшысы апатты жою үшін барлық шара қабылданғанын және қазір станса штат режиінде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов елордада 29 қазан күні жарықтың не себепті сөніп қалғанын түсіндірген еді.

Өзгелердің жаңалығы