Токио-2020: Жартылай финалға өткен Қоңқабаев қандай олқылық жібергенін айтты

1 Тамыз 2021, 17:29
4273
Бөлісу:
Токио-2020: Жартылай финалға өткен Қоңқабаев қандай олқылық жібергенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының капитаны Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жекпе-жегінен соң журналистер сұрағына жауап берді, деп жазды Olympic.kz. 

Бірінші раунд ойдағыдай өтті. Екінші раундтан бастап қателіктер кетті. Лас боксқа ден қойып кеттім. Енді осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысамын. Алдыңғы қолмен дұрыс жұмыс істемедім. Болар іс болды, бастысы - жартылай финалға өту. Келесі қарсыласымды танимын, бірақ кездеспегенмін. Енді бар ойым мен күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын, - деді Қамшыбек. 

Айта кетейік, 1/4 айналымда Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовті 4:1 есебімен ұтты.

Өзгелердің жаңалығы