Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің ғимараты пайдалануға берілгеніне жарты жыл өтпей жатып қабырғаларында жарықтар пайда болды. Аудан әкімі нысан сапасын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл мектептері, ауруханалар және өзге де бюджеттік нысандар құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы туралы сұрақ туындамай қоймайды. Себебі мердігерлер тіпті әкімдік ғимаратының өзіне жауапкершілікпен қарамағаны байқалады.
Өткен жылдың жазында Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің ғимараты пайдалануға берілген болатын.
Алайда арада жарты жыл өткен соң Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қарамағындағы мекемелердің жұмысын тексеру барысында жөндеу жұмыстарының сапасына да назар аударды.
Ғимарат қабырғаларында пайда болған жарықтар – атқарылған жұмыстың деңгейін айқын көрсетіп тұр.