Жарты жылда мүгедектігі бар адамдардың құқығы 1,9 мыңнан астам рет бұзылған

26 Шілде 2021, 10:37
3275
Бөлісу:
Жарты жылда мүгедектігі бар адамдардың құқығы 1,9 мыңнан астам рет бұзылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 айда Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексеру барысында әлеуметтік инфрақұрылымның 379 нысанында ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын 1918 рет бұзу дерегі анықталды.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы нысандарда заңбұзушылықтарды анықтау бойынша, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Осы орайда 312 тексеріс жоспарлы алдын алу-бақылау аясында және 157-сі азаматтардың өтініштері негізінде жоспардан тыс жүргізілді, - делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша  «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның 1603 бұзылуы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 бұзылуы анықталды.

Бұл ретте 1,5 мыңнан астам заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты болып отыр.

Тексерулер нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы