Жарты жылда ІЖӨ 3,14%-ға жетті - Үкімет басшысы

14 Шілде 2022, 11:04
1426
Бөлісу:
Жарты жылда ІЖӨ  3,14%-ға жетті - Үкімет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

Әлемдегі геосаяси шиеленіс халықаралық өндірістік, көліктік және логистикалық тізбектердегі алшақты күшейтуде. Энергия ресурстарының Көптеген елдерде инфляция рекордтық деңгейде. Мысалы, АҚШ-та және Еуроодақта бұл шамамен 9%-ды құрады. Халықаралық валюта қорының 2022 жылы әлемдік ішкі жалпы өнімнің өсуі бойынша болжамы 3,6%-ға дейін төмендетіліп, қайта қаралды. Қолайсыз сыртқы экономикалық толқуларға қарамастан, біз елдің басты экономикалық көрсеткіштерін игеріп отырмыз. Биыл қаңтар-маусымында ІЖӨ-нің өсуі 3,14%-ды құрады, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сондай-ақ Премьер-министр бірқатар салалардағы өсімге тоқталды.

Тауар өндірісі 4,1%-ға, қызмет көрсету саласы 2,1%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде, құрылыс, сауда мен көлік салаларында өсімнің жоғары қарқындары орындалды, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында алты айдың әлеуметтік-қорытындысы жасалуда.

Өзгелердің жаңалығы