Жарты литр су 350 теңге. Аймағамбетов мектеп асханаларындағы бағаны сынады

21 Маусым 2022, 10:49
1609
Бөлісу:
Жарты литр су 350 теңге. Аймағамбетов мектеп асханаларындағы бағаны сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты. 

Биыл балаларды қауіпсіз тасымалдау үшін 515 автобус аламыз дедік. Бұл жұмысты біз тамыз айына дейін бітіруіміз керек. Кейбір облыстар бұл жұмысты бастаған да жоқ. Біз республикалық деңгейде бұл мәселені шешіп бердік. Тиісті құралдарды бердік. Мәселе шешіліп отыр. Енді соны аяғына жеткізіп, жұмысты жаңа оқу жолының аяғына дейін қамтамасыз ету керек, - деді ол. 

Аймағамбетов ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған асханалардың жұмысы туралы айтты. 

Қазірдің өзінде асханалардың жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс жүйелі болуы керек. Ол бойынша Комитет тиісті заңнамалық өзгерістерді дайындады. Ас мәзірін Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жаңадан қарауымыз керек. Буфет өнімдерінің бағасы бойынша сұрақтар өте көп. Әр білім бөлімі, басқармасы жеке көңіл бөлу керек. Павлодарға барғанда мен мысал ретінде айттым. Елорданың мектептерінде бағаның өсуі бар. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген ол – масқара. Сол сияқты басқа облыстардың асханаларындағы баға мәселесін қараңыздар. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін біз тиісті заңнамалық өзгерістерді енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы