2026 жылдың наурызы қазақстандықтар үшін мерекелер мен ұзақ демалыстарға толы болмақ. Күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар айдың 13 күнін демалыспен өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылы қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?
2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, егер мемлекеттік мереке демалыс күнімен тұспа-тұс келсе, демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
8 наурыздағы демалыс кестесі:
-
бес күндік жұмыс аптасында: қатарынан 3 демалыс күні - 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сейсенбі, 10 наурыз - бірінші жұмыс күні;
-
алты күндік жұмыс аптасында: сенбі (7 наурыз) жұмыс күні болып қалады, ал қазақстандықтар 2 күн - 8 және 9 наурызда демалады.
2026 жылы қазақстандықтар Наурызда қалай демалады?
Басты көктемгі мереке қазақстандықтарға шағын каникул сыйлайды. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-нен 23 наурызға дейін тойланады. 2026 жылы мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келеді, сондықтан қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Наурыздағы демалыс кестесі:
-
бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз - қатарынан бес демалыс күні (сенбі – сәрсенбі);
-
алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.
Айта кетейік, наурызда Қазақстанда сонымен қатар кәсіби және мерекелік даталар аталып өтеді:
-
1 наурыз — Алғыс айту күні;
-
14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) — Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.