Жаркент қаласы карантинге жабылады

30 Сәуір 2020, 12:23
3959
Бөлісу:
Жаркент қаласы карантинге жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, - делінген хабарламада.
Науқас Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр. 

Алматы облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 12 адам. Бүгін Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты.
1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды. COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтады,-делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы