Ақтауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылып, жарақат алып, миы шайқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, төбелеске қатысы барлар анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жетуізілді.
Оқиға қаладағы №10 мектеп орналасқан 11 шағын ауданда болған. Үш жасөспірім оқушыны №15 үйдің ауласына алдап шақырып, ұрған. Бала қазір ауруханада емделіп жатыр.
Зардап шеккен баланың анасы айтуынша, жасөспірім өзін соққыға жыққандарды танымаған, ал №10 мектепке бес күн бұрын ауысып келген.
Сабақта шыққан жасөспірімді үш оқушының күтіп тұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. №15 үйдің ауласына дейін сөйлесіп барған олар артынша қатарластарын соққының астына алған.
Таяқ жеген жасөспірімде көптеген дене жарақаты мен мидың шайқалуы анықталды.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.