Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты.
Орталық және Оңтүстік Азияның өзара сәулет байланысы үшін тұрақты, тиімді әрі қауіпсіздік транзиттік инфрақұрылым құрылуы керек. Ол үшін өңіраралық көліктік инвсетициялық консорциум құру мүмкіндігін қарауды ұсынамын. Бұл құрылым Үндістан, Каспий мен Парсы шығанағындағы порттардың үйлестіру бағытындағы ұлттық саясатын жүзеге асыратын еді, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы елдер арасындағы өзара сауданы дамытуға да күш-жігер жұмсау қажетін айтты.
Өкінішке қарай, Үндістанның ішкі сауда айналымындағы Орталық Азия елдерінің үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан Үндістан тарапының сауда және индустрия министрлері деңгейінде сауда-экономикалық платформа құру бастамасы дұрыс. Біз оны қолдаймыз. Осы алаңда әзірленетін ұсыныстарды нақты бағдарламалар мен бастамаларға бағыттауға болады, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан бұл жобаларды жүзеге асыратын әлеуетке ие.
Біз 610 млн доллар болатын тауардың 80 түрі енетін тізімді әзірледік. Оны біз жақын арада Үндістанға жібере аламыз. Үндістанның Қазақстанға экспортын да кеңейтуді де ұсынамыз, - деді ол.