Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

13 Наурыз 2024, 22:20
559
Бөлісу:
Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир мәресіне жетті
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Грек-рим күресінен даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 күнге жалғасқан айтулы додада 10 салмақ бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша, бейтарап елдің спортшылары 4 алтынмен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері:

60 келі

🥇🇰🇿Оңдасын Хамитов

🥈🇰🇬Кубануч Аринов

🥉🇰🇬Құттыбек Абдуразаков

🥉Алмаз Мазитов (AIN)

67 келі

🥇🇦🇿Фараим Мустафаев

🥈🇰🇿Бағдат Сабаз

🥉🇦🇿Тавакгул Хазиев

🥉Грейр Оганесян (AIN)

77 келі

🥇🇦🇿Давуд Маммадов

🥈Гамзат Гаджиев (AIN)

🥉Магомед Иарбилов (AIN)

🥉🇦🇿Канан Абдуллазаде

87 келі

🥇Мансур Саитов (AIN)

🥈🇦🇿Али Темлан Гулиев

🥉🇰🇿Бағдат Қуаныш

🥉🇦🇿Жожу Самадов

130 келі

🥇Александр Мелехов (AIN)

🥈🇭🇷Марко Миланович

🥉🇰🇿Жохар Узаров

🥉🇺🇦Артур Бойчук

Қатысушылардың арасында Ресей чемпионы Ерзу Закриев, 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Нуруллаев (Әзірбайжан), 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының жүлдегерлері Давуд Маммадов, Фараим Мустафаев (Әзірбайжан) сынды өз салмағының мықты балуандары чемпион атанды.

Қазақ күресінің аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың турнирінің өткізілуіне атсалысқаныма өте қуаныштымын. Мен 2015 жылы Рио Олимпиадасының жолдамасы үлестірілген Азия құрлығының іріктеу турнирі, 2019 жылы әлем чемпионаты, 2021 жылы Токио Олимпиадасының құрлықтық жарысына келгенмін. Міне, осы жолы төртінші мәрте ат басын бұрдым. Уақыт өткен сайын Қазақстанның ұйымдастыру дәрежесі артып жатқанын байқадым. Бұл турнир палуандар үшін алдағы ересектер жарысында үлкен көмегі тиеді деп сенемін, – деді UWW техникалық делегаты Сент Левен.

Енді отандық палуандар алдағы сәуір айында Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы