Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
1107

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі.

Турнирге Қазақстанның түрлі облысынан 300-ден аса спортшы, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иранның жас балуындары қатысады. 

Спортшылар 55, -60, -63, -67, -72, -77, -82, -87, -97, 130 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Жарыс "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының (WWW) талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Турнир 3-5 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, – деп жазылған хабарламада.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы