Жапонияның медицина қызметкерлері дискриминацияға ұшырауда

7 Ақпан 2021, 16:45
2029
Бөлісу:
Жапонияның медицина қызметкерлері дискриминацияға ұшырауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін дискриминациялауға қатысты 700 дерек тіркелген, деп жазды korrespondent.net.

Елдің медициналық бірлестігі коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған қызметкерлер арасында сауалнама жүргізген. Зерттеу өткен жылдың қазанынан желтоқсанына дейінгі аралықта жасалған. 

Сауалнамаға қатысқандар арасында шаштараз салондарының оларға қызмет көрсетуден бас тартылғаны жайлы да айтылған. Оның басты себебі медициналық мекемеде жұмыс істеуі болған. Ал коронавирусқа шалдыққан кейбір медицина қызметкеріне көршілері қоқан-лоқы жасап, бейәдеп сөздермен тілдеген, - делінген хабарламада. 

Мұндай жағдайлар елдің көптеген қаласы мен елді мекенінде орын алған. 

Енді Жапонияның медициналық бірлестігі тұрғындар арасында коронавирусқа қатысты көбірек танымдық ақпарат таратуды қолға алмақ.

Өзгелердің жаңалығы