Жапонияның бұрынғы премьерімен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілде күні өтеді. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.&nbsp;</p>

 9 Шілде 2022 2022, 11:34
9 Шілде 2022 2022, 11:34
2025

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілде күні өтеді. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады. 

Қаралы жиын саясаткердің туған қаласы Ямагути префектурасындағы Симоносекиде өтеді. 

Еске сала кетейік, кеше таңертең Жапонияның бұрынғы үкімет басшысы Синдзо Абэге қастандық жасалып, Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде ауыр жараланған болатын. Ол ауруханада алған жарақаттарынан қайтыс болды. 

Синдзо Абэ Жапония үкіметін 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында екі рет басқарды.  

2020 жылдың 28 тамызында денсаулығының нашарлауына байланысты күтпеген жерден отставкаға кететін мәлімдеді. 

Синдзо Абэ 2015 жылы Қазақстанға сапар жасаған. 

Наверх